Тоқаев «Шелл» концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

2 253

Мемлекет басшысы Қазақстандағы «Шелл» концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Шелл» энергетикалық концерні еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, «Шелл» концернінің Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығы сала тарихындағы маңызды кезең саналады.


"Қиын-қыстау жылдары «Шелл» экономикамызға қомақты инвестиция құйып, жаңа технология, ғылыми жетістіктер мен басқарудың баға жетпес тәжірибесін әкелді. Біз компанияның бұл еңбегін жоғары бағалаймыз. Соңғы 30 жылда «Шелл» ел экономикасына 18 миллиард доллардан астам инвестиция салып, Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі ретіндегі позициясын нығайтты", – деді Мемлекет басшысы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.