Уәли 2026 жылы Тоқаевтың өкілеттігі аяқталады деген қауесетті теріске шығарды

2 543

Фото: ашық дерек көзіМемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігінің аяқталу мерзімі туралы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

 

Бірқатар шетелдік БАҚ Тоқаевтың өкілеттігі 2026 жылы аяқталатынын атап өтті. Президент кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осыған қатысты түсініктеме беріп, мәліметті теріске шығарды. 

"Біздегі нақты жағдаймен таныс емес кейбір журналистің арасында түсінбеушілік туындаған. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында Конституцияны өзгерту және келесі сайлауға қатысу мақсатында 2026 жылы референдум дайындау туралы болжамдарды жоққа шығарды. Президент 2022 жылдың қарашасында жеті жылдық мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес, оның өкілеттігі 2029 жылдың қарашасында аяқталады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұған дейін президенттік өкілеттіктерді жеті жылдық мерзімге шектеуді ұсынды", - деді Уәли. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.