Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ның қысқы сессиясына қатыспақ

1 300
Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Венадағы қысқы сессиясына қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




2023 жылғы 23-24 ақпан күндері аралығында Вена қаласында өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясына Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған Сенат делегациясы қатысады, - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, іс-шара аясында қазақстандық делегацияның сөз сөйлеуі, комитет отырыстарының талқылауларына қатысуы, сондай-ақ Парламенттік ассамблея басшылығымен кездесулері жоспарланған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.