Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтеді

379
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бұған дейінгі отырысы биылғы жылдың 30 маусымында өткен еді. Жиында Қаржы секторын дамыту, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттер, қауіпсіз атом және сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі шаралар, көші-қон саясатын жетілдіру сынды тақырыптар көтерілген болатын.

Сондай-ақ президент Түркияның "Аккую" АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырған еді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.