«Ауыл аманаты»: Төретам кентінде 8 жоба қаржыландырылды

1 505

Ынтымағы мен ырысы жарасқан мекендердің қатарында Қармақшы ауданындағы Төретам кенті бар. Кіреберістен мен мұндалайтын нысандар, түрлі сауда орындары кент ажарын айшықтап тұр. Бүгінде даму мен бірлігін қатар ұстаған халық тынымсыз қызу жұмыстың үстінде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Кент Қармақшы ауданы орталығынан 82 шақырым қашықтықта орналасқан. 118 жылдық тарихы бар мекен алғаш теміржол салынған соң Төретам стансасы болып құрылады. 1929 жылдары тұрғын үй құрылысы салына бастайды. Бертін келе ел тәуелсіздік алғалы Төретам да өзге өңір секілді өсіп-өркендеді. Тұрғындар саны артып, кент заман ағымына сай сәулеттене бастады. Түрлі бағытта шағын және орта кәсіпкерлік нысандар ашылып, қаланың тыныс-тіршілігіне сүбелі үлесін қосты.


Бүгінде кенттің жер көлемі 322,6 гектарды құрайды, нақты алып жатқан жері 472 гектар. Халқының саны – 12300 адам. Халықтың ұлттық құрамында қазақтар саны – 2117, қалғаны өзге ұлт өкілі. 


"Төретам кентінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жыл көлемінде тұрақты жүргізіп келеді. Жеке кәсіпкер Р.Алибеков мен Төретам кенті әкімі аппараты арасында мемлекетік сатып алу шарты жыл көлемінде  жасалып жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңдарына сәйкес жыл көлеміне кент аумағындағы иесіз қоқыстарды алуға сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 
Мұнда кәсіпкер боламын деушілер қатары жетерлік. Төретам кенті бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны – 1197 бірлік, жұмыс жасап тұрғандары – 1098 бірлікті құрайды. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландырылып жатқан кәсіпкерлік саласындағы жобалар:ға келер болсақ, «Аграрлық несие корпарациясы» және жастар бағдарламасы арқылы 6 жоба 27,6 млн қаржыландырылды. Қызылорда өндірістік инвестициясы арқылы 3 жоба мақұлданды. Жоба құны 70,0 млн. теңге. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 8 жоба 44,0 млн, 1 коператив 23,986000 млн теңге, қаржыландырылды.", – деді кент әкімі Ғалымжан Елеусінов.


Кенттегі өткен жылы шығарылған иесіз күл-қоқыстар көлемі – 3000,0 м куб күл-қоқыс 9599,0 мың теңгеге шығарылды. Биылғы жылға санитария бойынша барлығы – 11952,0 мың теңге қаржы бөлінген. Қаңтар-ақпан айлары үшін екі айға 500,0 мың теңгеге ЖК «Алибеков» пен келісім шартқа отырылып, қазіргі таңда кент аумағындағы иесіз қоқыстарды шығару жұмыстары жасалуда. 11452,0 мың теңге қаржыға жыл көлемінде жұмыс жасау үшін мемлекеттік сатып алу порталына жариялау жұмыстары жүргізілуде. Кент көшелерін күтіп ұстауға 1323,0 мың теңге қаржы қаралып, ауа райының қолайсыз жағдайларында кент көшелері бойында жиналған жаңбыр суларын тарту  жұмыстары жүргізілді. 2024 жылға кент көшелерін күтіп ұстау жұмыстары үшін барлығы – 3226,0 бөлінген. Қаңтар-ақпан айлары үшін ауа райының қолайсыз жағдайларында кент көшелері бойында жиналған жаңбыр суларын тарту жұмыстарына – 700,0 мың теңгеге ЖК Балжаевпен келісім шартқа отырылып, жұмыстар жасалды. 


Кенттегі  көшелерге Жол және ұқсас белгілерді салу бойынша жұмыстар  бойынша «TRAST GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесімен 2023 жылдың 28 тамызында мемлекеттік сатып алу келісім шартына отырылып, 597,9 мың теңгеге «Жол және ұқсас белгілерді салу» жұмыстары жасалды.  


"Биыл кенттегі  көшелерге Жол және ұқсас белгілерді салу  жұмыстар бойынша 1500,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар кенттегі көшелерге жарық шамдарға қызмет көрсету үшін жеке кәсіпкер «Нұрбол» мен 2389,0 мың теңгеге 2023 жылдың 23 қаңтарында №3 мемлекеттік сатып алу келісім шартына отырылып, жұмыстар жасалынды. 2024 жылға Кенттегі көшелерге жарық шамдарға қызмет көрсету үшін жеке кәсіпкер «Нұрбол» мен қаңтар-ақпан айлары үшін 506,0 мың теңге келісім шартқа отырып, жұмыстар аяқталуда, "– кент әкімі Ғ.Елеусінов. 


Кенттегі мал басы түгел бірдейлендірілген. Есепті мерзім ішінде мал жоғалу, ұрлау фактілері орын алған жоқ. Жалпы кент бойынша барлығы 1675 бас ірі қара, 1031 бас жылқы, 287 бас түйе, 3608 бас қой мен ешкі, 882 құс тіркеуде бар.


Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімдерін сақтау бойынша ақпарат ауданға ай сайын уақытылы жолданып отырады. Жыл басынан бері 16 жер учаскесін алуға кезекке қою мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. 2023 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын Төретам кентінде ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Мұнда 3 мектеп орналасқан №80 мектеп-гимназия 464 орындық, №85 мектеп 640 орындық, №269 орта мектеп 600 орындық. Мектептер қазіргі таңда, типтік жобада және талапқа сай жұмыс жасауда. 


"Кенттегі жеке кәсіпкерлік нысандары және көпқабатты үйлердің алдына күл-қоқыс тастамау жөнінде ескерту хабарламалары таратылды. Тазалыққа 22 ақылы негізде қоғамдық жұмысшы тартылған. Олармен бірге тұрғындар, барлық мекемелер, жеке кәсіпкерлер арқылы сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Кент көшелерін күтіп-ұстауға 1323 мың теңге қаржы қаралып, ауа райының қолайсыз жағдайларында көшелер бойында жиналған жаңбыр суларын тарту және қар жауған уақыттарда тұз, құм себу жұмыстары жүргізіледі. Көшелердегі жарық шамдарының қалыпты қызметі де ұдайы бақылауға алынған.", – деді кент әкімі.


Төретам кентінде жалпы ұзындығы 33,5 шақырым болатын 33 көше бар. Оның ішінде 30 көше асфальтталған, 3 көше топырақты. Былтыр адандық бюджеттен 1576,8 мың теңге қаржы бөлініп, Мұсабаев көшесіне жарық шамдар орнатылды. Төретам кенті  Байсейітова, Байтұрсынов, Момышұлы көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін жоба сметалық құжаттама дайындау үшін аудандық бюджеттен 1581,7 мың теңге қаржы бөлініп, жоба сметалық құжаттар дайындалды. Сонымен қоса 4821,8 мың теңге қаржы бөлініп Төретам кенті Мәметова және Құлтасов көшелеріне 79 дана жарықшамдар орнатылды. Мұратбаев тұйығы, Амангелді тұйығы, Мамыр көшелеріне жоба сметалық құжаттамалары үшін 1382,1 мың теңге қаржы бөлініп, жоба сметалық құжаттары дайындалды. 6450,5 мың теңге қаржы бөлініп, Гагарин, Жабаев , Бекежанов, Құлтасов, Мұратбаев тұйығы, Байқоңыр, Құлқашев көшелеріне 82 дана жарықшамдар орнатылған екен.  


Төретам кентінің биылғы жылға жоспарын білмекке сауалды кент әкіміне жолдаған едік. Оның айтуынша, 2024 жылы Жәрімбет би және Жаңқожа батыр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына жоба сметалық құжаты 275070,078 мың теңгеге жасалып, 2024 жылға «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаражат бөлінген. Сонымен қатар 15 790,1 мың теңге Төретам кенті көшелері бойына 10 дана аялдама орнату үшін қаржы бөлініп, бүгінде жұмыс басталып кеткен.


Мұнан өзге елде мәдени шаралар да жоғары деңгейде өтеді. Клуб үйінде 5 үйірме тұрақты түрде жұмыс жасайды. Оған 117 бала қамтылған. 

Денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша кентте №16 балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, 1 спорт алаңы, 1 жаттығу залы бар. 45 балаға самбодан, 70 балаға бокстан дәріс береді. Аудандық «Алтын күз» мерекесіне орай Төретам кентінен команда құрылып аудан бойынша бірнеше орындарға ие болды. Атап айтқанда футболдан – ІІІ орын, баскетболдан – І орын (қыздар) тоғыз құмалақтан – І орын, бес асықтан – ІІІ орын, үстел теннисінен ІІІ орын иегері атанды. Сондай-ақ,самбо күресінен Жанқожа Нұрымбетұлын еске алуға арналған жасөспірім ұлдар арасындағы ашық Республикалық турнир өтті. Турнирге Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарынан және Байқоңыр қаласынан, жалпы 200-ден астам спортшы қатысты.  2023 жылы Қармақшы ауданының 95 жылдығына орай, Төретам кентіндегі спорттық сауықтыру кешенінде, Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен футбол сүйер азаматтардың белсенділігімен, ардагерлердің ұлгісімен футболды дамыту, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында, 45 жастан жоғары ардагерлер арасында шағын-футболдан ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирге Қазалы қаласы, Төретам кенті және Байқоңыр қаласы, Жосалы кентінен құралған командалар қатыстқан болатын. 


Жұмыссыздықты азайту бағытында кент әкімінің ұйымдастыруымен кенттегі кәсіпкерлерге жұмыссыз жүрген азаматтарды, жаңадан оқу бітіріп келген  жас мамандарды жұмысқа алу туралы одан бөлек мемлекеттен беріріліп жатырған пайызсыз және пайызбен несиелер алу туралы сүйемелдеу, жеке кәсіпкерлерге жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қармақшы аудандық мансап орталығы арқылы «Өмірзақ» ЖШС-не 3 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды. Мемлекттік бағдарламасы арқылы несиелендірілген кәсіпкерлер арқылы  жұмыссыз 10 азамат жұмыспен қамтылып отыр.