Егеуқұйрық парламент отырысының шырқын бұзды

382
Испанияда егеуқұйрық парламент отырысының шырқын бұзды.

Оқыс жағдай 21 шілде күні Андалусияда жергілікті парламент отырысы кезінде болған. Отырыс залында күтпеген жерден егеуқұйрықтың жүгіріп өткені депутаттардың зәре-құтын қашырған.


Егеуқұйрықты алғаш болып байқаған парламент спикері шошығаннан орнынан қаша жөнелген. Бұны байқаған өзге депутаттар да орындарында отыра алмай, егеуқұйрықты іздей бастаған.


 Олар біраз уақыт егеуқұйрықты үстел астынан іздеп, әлек болған. Уақыт өте келе егеуқұйрықтың қашып кеткенін түсінген халық қалаулылары отырысты қайта жалғастыруды ұйғарған. 


Бұл жайттың видеосы түрлі ақпарат агенттіктері мен әлеуметтік желілерде тез тарап кетіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті.