Мемлекет басшысы Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15

Фото: Ақорда прессПрезидент құттықтау жеделхатында Ашхабадтың мемлекеттілікті нығайтудағы жарқын жетістіктеріне тоқталып, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста сындарлы ұстанымға жүгінетін бейтарап Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстанмен арадағы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік қатынас және өзара қолдау дәстүрінен айнымай, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.