Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президентімен кездесті

2 706

Фото: пресс-службы АкордыМемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен жүздесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.


IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды. Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне және еліміздің дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.