Ауғанстан басшысы Ашраф Гани президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті

312
Facebook-тегі ресми парақшасында Ашраф Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған. Сондай-ақ, жазбасында Гани енді ауған халқының "ар-намысы мен тыныштығы" үшін тәліптер жауап беретінін атап өтті. Катарлық Al-Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Ашраф Гани мінген ұшақ Тәжікстанға бет алған. Мемлекет басшысының жеке күзетшісінің айтуынша, одан әрі Гани әйелі, кеңесшісі және кеңсесінің директорымен бірге Ташкентке бет алған. Ал елдің вице-президенті Амрулла Салех елде қалғанын мәлімдеді. Twitter-дегі парақшасында ол ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін жазды.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.