Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

2 174

Фото: АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Компанияның табысы:

  • 2024 жылы таза табысы 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскен.

Іске қосылған инфрақұрылымдық жобалар:

  • Екібастұздағы бірінші Мемлекеттік аймақтық электр стансасының №1 энергоблогы қалпына келтірілді; Сиань қаласында көлік-логистика терминалы жұмыс істей бастады;

Алматының энергетика кешеніне қажетті газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды;

  • Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор пайдалануға берілді.

Инвестициялық жобалар:

  • биыл мамыр айында битум өндірісін кеңейту жобасы басталды;

Жыл соңына дейін тағы 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Мәмілелер:

  • Qazaq Air АҚ әуе компаниясы мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2) ұялы байланыс операторын стратегиялық инвесторларға сату жөнінде мәмілелер жасалды. Бұл нарықтағы бәсекелестікті арттыруға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларына инвестиция тартуға ықпал етеді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы:

  • Қазіргі кезде 106 мектептің құрылысы бітуге жақын, жыл соңына дейін тағы 102 оқу ошағын салу жоспарланған.

Президент тапсырмасы:

  • компания активтерінің тиімділігін жоғарылату, құнын арттыру; инвестициялық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру. Қасым-Жомарт Тоқаев Азия, Еуропа және АҚШ-тағы әлемнің ең ірі қорларымен ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.