Тоқев Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2 171

Фото: пресс-службы АкордыМемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.