ҰҚК құрамына енген Антикорға жаңа басшы тағайындалды

2 212

Фото: t.me/informatorKZҚайта құрылып, ҰҚК құрамына енген Антикорға жаңа басшы тағайындалды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, 2025 жылғы 30 маусымда Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта ұйымдастыруды қаулы еткен болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.