Президент әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне түзетулер енгізді

2 515

Фото: Қазақстан Республикасының Президентінің баспасөз қызметіМемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, президент «Жасанды интеллект туралы» заңға да қол қойған. Бұл заң бойынша жасанды интеллект тек ақпарат жинайтын құрал ғана емес, адамның белгілі бір тапсырмаларын орындайтын құрал ретінде қарастырылады.

Жаңа заңға сәйкес, жасанды интеллектті пайдаланған кезде жауапкершілік белгіленді. Яғни, жүйенің иесі мен қолданушы өз рөлдеріне қарай жауап береді. Оларға жүйенің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару және қажет болған жағдайда қолдау көрсету міндеттері жүктелді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.