Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

2 508

Фото:  Мәдениет және ақпарат министрлігі1 желтоқсан күні Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Аида Балаеваның кандидатурасы қаралып, ол премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Аида Балаеваның қызмет жолы

Аида Балаева Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

1999–2002 жылдары Алматы облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маманнан бөлім бастығына дейін қызмет атқарған.
2002–2004 жылдары Алматы қаласы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бөлім бастығы болған.
2004–2005 жылдары Алматы қаласының ақпарат басқармасында басшылық қызметтер атқарды.
2005–2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінде директор орынбасары, кейін директор қызметін атқарды.
2008–2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010–2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014–2019 жылдары – Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы.
2019–2020 жылдары – Президенттің көмекшісі әрі өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің жетекшісі.
2020–2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022–2023 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарып келген.

Жаңа лауазымдағы міндеттер

Балаева вице-премьер ретінде мәдениет, ақпараттық саясат, қоғамдық сана, идеологиялық жобалар мен әлеуметтік-мәдени бағыттарды үйлестіруге жауапты болады.