Вице-президентке қандай қызмет жүктеледі
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев вице-президентке қандай қызмет жүктелетінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, вице-президент өкілді органның депутаты болуға, басқа да ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және саяси партиялардың мүшесі болуға құқылы емес. Вице-президент үшін белгіленген шектеулер, оның ішінде партияға мүше болмауы, депутаттық мандатқа және басқа ақылы қызметтерге тыйым салу елдің Аат заңымен бекітілген талаптарға ұқсас.
Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмасымен елдің сыртқы өкілдігін қамтамасыз етуге, негізгі мемлекеттік институттармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен, ғылыми, мәдени және сараптамалық қауымдастықтармен диалогты дамытуға міндетті. Бұл өкілеттіктер негізгі сипатта болып, қажет болған жағдайда Президент тарапынан нақтылануы мүмкін.
Егер вице-президент Президенттік өкілеттіктерді өзіне қабылдай алмаса, онда ол Құрылтай төрағасына, ал соңғысы да мүмкін болмаса, Премьер-Министрге өтеді.







