Тоқаев қытайлық инвесторларды стратегиялық жобаларға шақырды

2 522

Фото: АқордаМемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агеттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай Халық Республикасымен арадағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті белсенді түрде дамытуға айрықша маңыз артатынын атап өткен. Осы орайда Президент 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Астанада ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы табысты іске асырылып жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының қарқынына жоғары баға беріп, бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын, тауар айналымы жыл сайын рекордтық межені бағындырып отырғанын айтты.

Президент әлем жасанды интеллектінің белсенді даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағытта Қытай көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қытай тарапымен аталған салада ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Ол Қазақстанның ең алдымен, қаржы секторындағы инвесторлар үшін тартымды әрі сенімді инвестициялық юрисдикциясын жоғары бағалады. Корпорация басшысының айтуынша, бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин тарапынан көрсетілген жүйелі қолдау оң септігін тигізіп отыр.

Кездесу барысында қаржы, энергетика, цифрландыру, медицина, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.