Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады

2 514

Фото:  POOL / Медиабанкке өтуПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефон арқылы әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылаған.

"Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады", - деп жазылған хабарламада.

Ал Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын растағанын жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентін осы іс-шара аясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған.

"Шақыру ризашылықпен қабыл алынды", - делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.