Қазақстанның цифрлық дамуы және жасанды интеллект
Жасанды интеллект дәуіріне Қазақстан ерте қадам жасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайьына сілтеме жасап.
Экономиканың негізгі тірегі табиғи ресурстар болса, бүгінгі күні елдердің болашағы цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын қаншалықты тиімді енгізе алуына байланысты болып отыр.
Қазақстан ерте қадам жасаған елдердің бірі. Қазақстан да жаһандық технологиялық өзгерістерден шет қалған жоқ. Керісінше, цифрлық трансформацияны ерте қолға алған мемлекеттердің бірі саналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындап, 2026 жылды Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған.







