Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысына қатысып, Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Вице-Президенті мен Премьер-министрінің кандидатураларын Құрылтай депутаттарымен келісті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Akorda.kz порталына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының айтуынша, Вице-Президент мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқарады, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді, Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асырады.
Президент бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын ұсынды.![]()
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы партиялар фракциялары жетекшілерінің пікірін ескере отырып, Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Вице-Президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасы, Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасы депутаттардың басым дауысымен қолдау тапты.
Мемлекет басшысы Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды қолдағаны үшін Құрылтай депутаттарына ризашылығын білдірді.
Қаз
Рус






