Депутат агроөнеркәсіп секторындағы кадр тапшылығы мәселесін көтерді

2 516

Фото:© ҚР Парламент мәжілісінің баспасөз қызметіПарламент мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринге депутаттық сауал жолдап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауында көрсетілген стратегиялық міндеттердің іске асырылу барысын сұрады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолдауда елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті деп атап өткен болатын.

"Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстанның стратегиялық міндеті, ол отандық ауыл шаруашылығын дамыту, өнімді жеткізу логистикасын оңтайландыру және импортқа тәуелділікті азайту арқылы шешіледі. Тұрақты өндіріс пен сапалы өнім халықтың әл-ауқатын арттырудың басты кепілі болуда. Бүгінгі таңға жаһандық азық-түлік дағдарысы мен халық санының өсуі жағдайында өзін-өзі қамтамасыз ету тәуелсіздік пен тұрақтылықтың маңызды факторына айналуда. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде жыл басында өңірлерге барып сайлаушылармен кездесу өткізіп, ауыл-аймақтардағы өзекті мәселелермен таныстым."

Ауылдағы шаруалар агросектордағы ең өзекті әрі күрделі мәселенің бірі ретінде – кадр тапшылығын атап өтті.

Әсіресе, малшы, сауыншы, механизатор, ветеринар, агроном, зоотехник секілді мамандардың жетіспеушілігі бар екенін жеткізді. Бұл жағдай ауылдық жерлердегі тұрмыс деңгейінің төмендігімен, еңбекақы мөлшерінің жеткіліксіздігімен және әлеуметтік қолдау тетігінің әлсіздігімен тікелей байланысты.

Аталған жүйелі мәселелер Жоғары аудиторлық палата есебінде де айқын көрініс тапқан. Атап айтқанда, зейнетақы жарналары аударылмаған азаматтардың санының айтарлықтай көп болуы назар аудартады. Бұл жағдай еңбек заңнамасының сақталу деңгейінде елеулі олқылықтар бар екенін көрсетеді. Мұндай үрдіс жұмыс берушілер тарапынан міндеттемелердің толық орындалмауы немесе бақылау тетіктерінің әлсіздігімен байланысты болуы мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.