Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге көтерілуі мүмкін

2 541

Фото: © Sputnik / Абзал КалиевҮкімет ең төменгі жалақының мөлшерін 150 мың теңгеге дейін көтеруді қарастырып жатыр.-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлер кабинеті халықтың табысын арттыруға бағытталған кешенді шаралар пакетін әзірлеуге кірісті. Бұл бастамалар аясында ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен көтеру мәселесі де қарастырылып жатыр. Жауапты ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған шешімдер тікелей республикалық бюджет кірістерінің көлеміне байланысты болады. Егер бюджетке түсетін түсімдер артып, экономикалық өсім тұрақты сақталса, ең төменгі жалақыны ұлғайтуға нақты қаржылық мүмкіндік пайда болады. Сондай-ақ, үкімет әлеуметтік төлемдерді индексациялау, жұмыспен қамтуды арттыру және шағын және орта бизнесті қолдау арқылы халық табысын өсіруді көздеп отыр.

Ең төменгі жалақы, жұмыс беруші қызметкерге бір айлық толық жұмыс күні үшін төлеуге міндетті ең аз ақша мөлшері. Сонымен қатар ол кейбір салықтарды, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақыларды есептеуге негіз болады. Ең төменгі жалақы өссе, түрлі төлемдер мен еңбекақының ең төменгі мөлшері де өзгереді.

"Қазір ең төменгі жалақының мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Ал әлемдік тәжірибе бойынша оның көлемі медиандық жалақының 50 процентіне тең. Бізде медиандық жалақы – 302 теңге. Бұл дегеніміз, біздің міндетіміз – алдағы уақытта ең төменгі жалақыны 150 теңгеге дейін жеткізу", - дейді Амрин.