Ресей мемлекетінің президенті Путин коронавирусқа байланысты өз-өзін оқшаулау режиміне көшті
414
Ресей президенті Владимир Путин қасындағы адамдардан коронавирус анықталғаннан кейін өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ресей президенті бұл туралы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефонмен тілдесу барысында мәлімдеген. Путиннің нақты қанша уақыт карантинде болатыны белгісіз. "Осыны ескере отырып, Ресей президенті осы аптада Душанбедегі ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің жоспарланған сессиясына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ мен ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына бейнеконференция арқылы қатысады", - делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Владимир Путин паралимпиадашылармен кездесу барысында өз ортасында көптеген адам коронавирус жұқтырғанын айтқан еді. Ол жақын арада өзі де өз-өзін оқшаулау режиміне көшуі керектігін айтқан болатын.
Владимир Путин көктемде "Спутник V" вакцинасын салдырған еді. Ал шілде айының соңында президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекет басшысы адамдармен кездесу барысында сақтық шараларын сақтап жүргенін айтқан болатын. Оның сөзінше, Путинмен кездесер алдында азаматтар коронавирусқа қарсы тесттен өтіп, кейбірі карантинге кетіп жатады. Бәрі де жағдайға байланысты, деген еді Песков.