Тоқаев Абдулла әл-Аш-Шейхке "Барыс" орденін табыстады

233
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла әл аш-Шейхті қабылдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясын ислам әлеміндегі сенімді серіктес әрі Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған алғашқы араб мемлекеттерінің бірі екенін атап өтті.



"Сауд басшылығымен әрқашан байланыстамыз. Тамызда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман әл Саудмен телефон арқылы әңгімелескен кезде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Ал қыркүйекте инвестиция министрі Халид әл-Фалихпен кездестім. Бұл байланыстар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа серпін береді деп есептеймін", - деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев сауд компанияларының әлемдік нарықтағы мүмкіндіктері мен тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Абдалла әл аш-Шейхті ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.