Путин өзіне қайтадан президенттік сайлауға түсуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды

300
Владимир Путин өзіне тағы екі мәрте президенттік сайлауға түсуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Заңда бұдан басқа да түзетулер бар.

Бұл заңның авторлары - депутаттар Павел Крашенинников пен Ольга Савастьянова, сондай-ақ сенатор Андрей Клишас. 

Құжат Конституцияның президенттің өкілеттігін екі мерзіммен шектейтін ережесі қарастырылған. Енді ол түзету күшіне енген кезде қызметінде болған президентке қолданылмайды. 

Сонымен бірге "Ресей президентін сайлау туралы" заңда бұл қызметке 35 жастан жоғары, бұған дейін елде кем дегенде 25 жыл тұрған, ешқашан өзге елдің азаматтығы мен басқа елде тұруға ықтиярхаты болмаған Ресей азаматтары сайлана алатыны көрсетілген. Сондай-ақ бұл бұрын басқа мемлекеттің азаматтары болған кандидаттарға, атап айтқанда сол мемлекет (немесе оның бір бөлігі) Ресей құрамына кірсе, онда бұл азаматтарға ерекшелік қарастырылған.