Берік Уәли: «Тоқаевтың шет елде жылжымайтын мүлкі де жоқ»

359
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Оның шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шет елде жылжымайтын мүлкі де жоқ» деген жазба қалдырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінде кейбір БАҚ өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевты офшорда миллиардтары жатқан жемқор басшы ретінде көрсетуге тырыса бастаған болатын. Ал Берік Уәлидің жазуынша, оның өзі түгіл, бұрынғы зайыбының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған. Ұлы Тимур Тоқаевтың жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемегендігі де жария етілді.

«Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын», – дейді Берік Уәли.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.