"Ең қиын күндер әлі алда"

294

Франция президенті Эммануэль Макрон Владимир Путинмен келіссөздерден кейін Украинадағы жағдай нашарлауы мүмкін деген болжам жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

BFM арнасының мәліметінше, Француз лидері "пессимистік" көзқарас ұстанып отыр.

"Республика президенті Путиннің айтқандарының ешқайсысы үміт сыйлаған жоқ, ең қиын күндер әлі алда, себебі ол өз айтқанынан қайтпайды", — деді ол.

Бұған дейін Ресей мен Франция Президенттері Владимир Путин мен Эммануэль Макрон 3 наурызда бір жарым сағат бойы телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме аяқталғаннан кейін француз басшысы украиналық әріптесі Владимир Зеленскийге қоңырау шалды.


Бұған дейін Макрон халқына үндеу кезінде Франция Ресеймен соғыспайды деп мәлімдеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.