«Бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатамын» - Тоқаев

217
Бұл туралы Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде айтты,- деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының тарағасы ретiнде өкiлеттiгiмдi тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшiн баршаңызға алғысымды айтамын. Сондай-ақ, жауапты сәтте партия тiзгiнiн сенiп тапсырғандарыныз үшiн ризашылығымды бiлдiремiн», – деді Президент.

Тоқаев Amanat-тың жаңа төрағасы ретінде Мәжіліс спикері Ерлан Қошановты ұсынды.

Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат,— деді Президент.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.