Жаңа Конституцияда 99 бап болады

420

Бүгін Конституцияға енгізілетін өзгертулер жарияланды. Онда қай бапқа қандай өзгерістер енгізілетіні анық көрсетілген,- деп хабарлайдыOpennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, жаңа Конституцияда бұрынғыдай 98 емес, енді 99 бап болады. Жаңа Ата заңымыздың 99-бабы мынадай болмақ.

35. Мынадай мазмұндағы 99-баппен толықтырылсын:

«99-бап
  1. Конституциялық Сот және Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық Кеңестің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.
Конституциялық Сот құрылғанға дейін Конституцияның 72-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген Конституциялық Соттың функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.
  1. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Палаталарын қалыптастыру туралы ережелері сегізінші сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады.».
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.