Тоқаев Ұлттық қорға қатысты заңға қол қойды

460
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республиканың бюджеті мен Ұлттық қорына қатысты заңдарға қол қойды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Еске сала кетейік, 5 мамырда Сенат депутаттары "Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.