ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ БАҒДАТ МУСИНМЕН КЕЗДЕСТІ

111

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіКеше Нұрлыбек Нәлібаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бағдат Мусинмен кездесті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сыр еліне жұмыс сапарымен келген министр аймақ басшысымен бірге өңірде цифрландыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, онлайн қызметтер алу, байланыс желілерін жақсарту бағытында бірлескен жұмыстар пысықталды.

Ведомоство басшысы Қызылорда өңірінде бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ондағы цифрлық қызметтердің сапасын саралап, тұрғындармен кездесу барысында өзекті мәселелерді айқындап алғанын жеткізді.

Ғарыш мониторингі нәтижесінде аймақта заңсыз пайдалы қазбаларды өндіріп жатқан 94 орын, рұқсат етілмеген 101 қоқыс нысандары анықталған.
Айта кетейік, Бағдат Мусин екі күндік жұмыс сапарымен келген еді. Қызылорда қаласында емхана және халыққа қызмет көрсету нысандарында болып, халықпен есепті кездесу өткізді. 


Министр кездесу барысында денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесіне ерекше тоқталды.


 

«Медициналық көмек көрсетуді есептеу процесін жаппай автоматтандыруды қойып, аурудың ертерек анықтау және асқынудың алдын алуға мән беру қажет. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәсілдері қайта қаралады. Қазір дәрігер қабылдауына халықтың тек 8 пайызы ғана онлайн жазылады, дегенмен ыңғайлы сервистерді енгізу арқылы бұл көрсеткішті көп ұзамай ұлғайтатын боламыз» - деді цифрлық даму министрі



Бағдат Мусиннің айтуынша, ҚР ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге eGov Mobile мобильді қосымшасында «eGov.Денсаулық» жаңа бөлімін жасап жатыр. Бұл бөлімде донорлық мәртебе, электрондық рецепт, вакциналау, тәжірибеханалық зерттеулер қорытындысы, жұмысқа жарамдылық парағы туралы және т.б. ақпарат жинақталады. Осылайша денсаулыққа байланысты барлық мәлімет бір жерде шоғырланып, қолжетімді болады.

 Сондай-ақ, Байқоңырда ғарыш кемесінің ұшырылу сәтіне қатысып, "Роскомостың" жаңа басшысы Юрий Борисовпен бірге бірқатар мәселелерді талқылады.