БАӘ Қазақстанға миллион доллар көмек бөлді
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға миллион доллар көмек бөлді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында "Әл-Бахр" сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесу аясында белгілі болды.
Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметі бойынша, премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті.
Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.
Премьер-Министр соңғы жылдары түрлі салалардағы бірлескен жобалар санының өсуі байқалып отырғанын айтты.
Сонымен қатар Премьер-Министр БАӘ Президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына $1 млн көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерін ерекше достық қатынастар байланыстыратынын атап өтті.