Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қаулысы жария етілді

605

Фото: Орталық сайлау комиссиясыМемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы қаулысын жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.


2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.


3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.


4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.


5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
Президенті                                                                                Қ.Тоқаев