Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2 223

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.


Әңгімелесу барысында президенттер өзара сенім мен қолдауға негізделген екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.


Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.


Қазақстан мен Түркия президенттері биыл қараша айында Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне дайындық барысы туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жиын түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін маңызды қадам болмақ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.