Қызылордада бір аптада 10 мас жүргізуші ұсталған

2 550

Фото: Baq.kzҚызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Рейдтік-профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары бір апта ішінде алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 10 жүргізушіні анықтаған.

Аталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң аясында тиісті шаралар қолданылған.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, мас күйде көлік басқару өз өміріне ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де зор қауіп төндіретінін ескерткен.

Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.