Қызылордада «Заң мен тәртіп»: «Нашақор жайлы новелла» драмасы сахналанды

1 509

«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысы Полиция департаменті және Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен бүгін Р. Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» драмасы сахналанды.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, есірткінің зиянды әсері мен оның адам өміріне тигізетін зардаптарын түсіндіру, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

Қойылым алдында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Фархат Иманғалиев пен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев сөз сөйлеп, есірткіге тәуелділіктің қауіптілігіне тоқталды. Сонымен қатар, жастарды жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын таңдауға үндеді.

Бұдан бөлек, LED-экран арқылы «Есірткіге жол жоқ!» атты бейнеролик көрсетіліп, көрермендерге есірткінің зияны туралы ақпарат берілді.

Шара аясында көрермендер Р. Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» драмасын тамашалады. Қойылымда есірткіге тәуелділіктің адам тағдырына әсері мен оның ауыр салдары көрініс тауып, көрермендерді өмірге жауапкершілікпен қарауға, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.