Қызылордада 11 айлық сәбидің басына шеге кіріп кеткен

2 516

Фото:© КоллажОн бір айлық сәбидің үй жағдайында абайсызда құлап қалуы салдарынан ауыр жағдай орын алған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Жағдайдың қаншалықты күрделі болғанын көріністің өзі-ақ аңғартады.  Кезекші дәрігерлер - травматолог, анестезиолог -реаниматолог шұғыл әрекет етіп, отаға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізген. Баланы ота залына апара жатқан сәтте облыстың жалғыз балалар нейрохирургі Рустемов Аманжол Жұмағалиұлыда келіп жеткен.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған күрделі ота сәтті өтті. Құдайға шүкір, бүгінде балақайымыз сауығып кетті. Күнделікті жасалып жүрген оталар болғандықтан, көбіне оның қаншалықты жауапты әрі күрделі жұмыс екенін терең сезіне бермейміз. Алайда миды ашып, оған ота жасалған отаны көргенде, бұл мамандықтың қаншалықты үлкен жауапкершілік жүктейтінін түсінеді екенсің - деді дәрігер.

Аманжол Жұмағалиұлы таңдаған мамандығының ауырлығы өз алдына, оған қоса ол – облыстың жалғыз балалар нейрохирургі. Күні-түні, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат кез келген уақытта отаға келуге дайын болуы керек. Құрметті ата-аналар, балаларымызға барынша мұқият болып, олардың қауіпсіздігіне ерекше мән берейік!