Қызылордада сотталғанға жасырын түрде телефон жеткізу әрекеті әшкереленді

1 518

Фото: Рolisia.kzҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілген, - деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталғанға қысқа мерзімді кездесуге келген танысы сәлем-сауқат алып келген. Оны тексеру барысында ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімі мен мекеме қызметкерлері бөлке нанның ішіне мұқият жасырылған телефонды анықтап, тәркілеген. 

Мекеме бастығының міндетін атқарушы Ерлік Махановтың айтуынша:

«Мекемеге келіп түсетін барлық сәлем-сауқат рентген аппараты арқылы мұқият тексеріледі. Соған қарамастан, кейбір азаматтар тыйым салынған заттарды заңсыз жолмен жеткізуге әрекет етеді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Бұл бағытта сотталғандардың туыстарымен күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», – деді Ерлік Маханов.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар сотқа жолдануға дайындалуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.