Қызылордада велосипед теуіп жүріп тосын жайтқа тап болған бала құтқарылды

2 171

Фото: ТЖМ баспасөзіҚызылордада құтқарушылар саусағы велосипедтің шынжырына қысылып қалған балаға көмектесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

112 желісіне бес жастағы баланың анасы қоңырау шалып, бала велосипед теуіп жүргенде, оның саусағы шынжыр мен жұлдыздың арасында қысылып қалғанын айтқан.

"Бала саусағын өз бетінше шығара алмаған. Анасы да балаға көмектесе алмаған. Бірнеше минуттан кейін жеткен ТЖМ құтқарушылары екеуін де тыныштандырып, бензорездің көмегімен шынжырды кесіп, баланың саусағын босатты", - деп жазылған хабарламада.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.