ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

1 507

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кезекті жеке қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға келген 18 тұрғын өздерін толғандырған мәселелерін аудан басшысына жеке-жеке жеткізді. Тұрғындар тарапынан негізінен тұрақты және қоғамдық жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, Әйтеке би кентіндегі бірқатар көшелердің инфрақұрылымына қатысты мәселелер көтерілді.

Қабылдау барысында жұмыссыздық мәселесін көтерген тұрғындарға, аудан бойынша қазіргі таңдағы бос жұмыс орындарын ұсына отырып, Мансап орталығы арқылы мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда тиісті жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді.

Ал білім беру ұйымдарына мамандарды жұмысқа қабылдауды немесе орналастыруды тікелей дербес мектеп басшылығы арқылы жүзеге асырылатындығы және білім беру ұйымдарымен nobd.iac.kz сайтына немесе білім беру ұйымдарының әлеуметтік желідегі парақшасына педагогтік бос қызметіне конкурс жарияланған жағдайда, конкурсқа қатысуға құқылы екендігі түсіндірілді.

Аудан әкімі көшелерге асфальт төсеу, түнгі жарықтандыру жүйесін жетілдіру, жарықшамдар орнату жөнінде ұсыныстарына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар белгіленген кезектілік пен жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілетінін айтып, жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеуді тапсырды.

Қабылдау барысында Әйтеке би кентіндегі Әуезов көшесінің тұрғыны үйіне кіреберіс жолын ретке келтіру мәселесі бойынша Әйтеке би кенті әкімінің міндетін атқарушы мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты басшыға бүгін барып, жағдайды зерделеп, мәселені шешуді тапсырды.

Әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдаған аудан басшысы басқа да көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.