Қызылордада мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған кәсіпкер сотталды

2 525

Фото: interfax.ruҚызылорда облысында мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, иемдену және өткізуге қатысты қылмыстық іс бойынша кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


Бұл бағытта Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізді. 


«Кәсіпорын директоры мемлекеттік сатып алу порталында мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада жеткізетін мекеме ретінде тіркелген. Түрлі мемлекеттік мекемелерге шығару заңдылығын растайтын құжатсыз дизелдік отынды өткізіп келген. Бағалық ұсыныс әдісін қолданып, ең төменгі бағаны ұсынып отырған. Нәтижесінде конкурс жеңімпазы атанып, мемлекеттік 17 мекемемен келісім-шартқа қол қойған. Сол арқылы 2022-2023 жылдар аралығында бірнеше келісім-шарт негізінде 639 тонна дизель отынын жеткізген. Олардың жалпы құны — 254 млн теңге. Оның ішінде шығару заңдылығын растайын құжатсыз жеткізілгені 140 млн теңгеге 269 тонна дизель отынын құрайды», — деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.


Ведомство мәліметінше, сотталушының кінәсі куәлердің жауабымен, заттай дәлелдеме және сот сараптама институты сарапшысының қорытындысымен толық дәлелденген. 


«Сот үкімімен мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдап, иемденіп, сақтап және өткізгені үшін кәсіпкер ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен көзделген заңсыз әрекеті үшін бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды ведомстводан.