Балаларды қорғау күніне орай елімізде 1000-нан астам шара өтпек

1 333

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда балаларды қорғау күніне орай 1000-нан астам шара өтпек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған.


Қазақстанның барлық аймақтарында 1000-нан астам түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған 3 миллионнан астам бала мен ата-ана қатысады. Бұл республиканың барлық қалалары мен облыс орталықтарының саябақтарында балаларға арналған гала-концерттер, мәдени-ойын-сауық бағдарламалары, мұражайларға, саябақтарға, театрларға, спорт нысандарына бару және т.б.


Бірқатар облыстарда «BALAFEST» балалар фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады.


Сондай-ақ жетім-балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және жекелеген санаттағы отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Мейірімділік – балаларға» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Оқушылар арасында «Туған елге тағзым!» және «Ана тілім – тірегім!» атты республикалық челлендждер өткізіледі.


Толығырақ ақпарат облыстардың білім басқармаларының сайттарында орналастырылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.