Композитор Рахат-Би Әбдісағин тұңғыш рет Ұлыбританияның төрт қаласында концерт береді

2 620

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіКомпозитор Рахат-Би Әбдісағиннің «The bruce» операсының әлемдік премьерасы Ұлыбританияда өтеді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тұңғыш рет қазақстандық композитордың операсы Ұлыбританияның төрт қаласында орындалады.


«2024 жылдың 17 ақпанында Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісагиннің «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтеді. Операда Шотландия королі Роберт I Брюс туралы баяндалады. Опера өткен мен болашақ арасындағы музыкалық көпір және шотландиялық ұлы монархтардың бірі, тәуелсіздік үшін күрескер тұлғасын сипаттап тұрғандай» — делінген хабарламада. 


Либретто Джон Барбурдың 1375 жылы жазылған ортағасырлық «Брюс» поэмасына негізделген және Рахат-Бидің Шотландия Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігін құрайды.


Шығарма соборлық опера, собордың акустикалық залында орындауға арналған жаңа жанр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.