Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі мұражайға қойылды

2 140

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://www.facebook.com/profile.ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі мұражайға қойылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жаңалықты журналист Бауыржан Бабажанұлы жариялады. 

“Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл!  Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!, – деп жазды медиа маманы. 

Айта кетейік, 13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайбергеннің онцерті өтпек. Көрерменге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады. Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынамақ. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.