Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі мұражайға қойылды
ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі мұражайға қойылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаңалықты журналист Бауыржан Бабажанұлы жариялады.
Айта кетейік, 13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайбергеннің онцерті өтпек. Көрерменге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады. Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынамақ.