«Астана Опера» театрында Майра Мұхамедқызының 30 жылдық мерейтойы өтті

2 236

Фото: instagram.com/ mairaoperaКонцерт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстанның ең жарқын әрі ең беделді опера әншілерінің бірі Майра Мұхамедқызы сахнадағы 30 жылдық мерейтойын керемет концертпен атап өтті.

Майра Мұхамедқызы көрермендерге әлемдік және ұлттық репертуардағы туындылардан тұратын бірегей бағдарлама ұсынды.

Опера саңлағының орындауында Рихард Штраус, Ференц Лист, Петр Ильич Чайковский сынды ұлы композиторлардың операларынан ариялар, сондай-ақ концертке ерекше ұлттық бояу берген қазақ авторларының шығармалары шырқалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.