Тоқаев Түркістанға рухани-тарихи астана мәртебесін беруді ұсынды

473

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевТүркістан облысының жұртшылығымен кездесуде Түркістанға рухани-тарихи астана мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, Түркістанда есімдері қазақ тарихына алтын әріптермен жазылған көптеген көрнекті тұлғалар жерленген. Ал өткен жылы қалаға “түркі әлемінің рухани астанасы” атағы берілді.

“Бұл қасиетті қаланы біздің рухани-тарихи астанамыз деп атаған дұрыс болар. Сондықтан жақын арада үкімет Түркістанға осындай мәртебе беру туралы мәселе бойынша тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.