Тарихи-мәдени нысандардағы QR-кодта 5 тілде ақпарат енгізіледі
Атырауда тарихи-мәдени нысандарға QR-код орнатылып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Енді QR-кодпен әр нысан туралы бес тілде ақпарат алуға болады.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында 4 республикалық, 313 жергілікті маңызға ие ескерткіш бар.
Ал, Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген 7 тарихи ескерткіш бар. Бұлар – Махамбет ауданындағы «Сарайшық» тарихи-мемориалдық кешені, Жылыой ауданында орналасқан Ақмешіт қорымы, Құлшан ата жерасты мешіті, Аралтөбе қорғаны, Иманқара кешені, Ұшқан ата қорымы, Индер ауданының Қарой жазығындағы Махамбет Өтемісұлының мазары.
Оның айтуынша, ескерткіштерді 3D көрінісін тамашалауға болады. Бұл үшін «Тarihi jol» қосымшасын жүктеу қажет. QR-код-та ескерткіштердің қай жылы орнатылғаны, тарихы туралы толық ақпарат бар.