А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттері халықаралық балет әртістері байқауының жеңімпазы атанды

2 673

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  Мәдениет және ақпарат министрлігі2024 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында А. Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында көрнекті қырғыз бишісі әрі балетмейстері Уран Сарбагышевтың 90 жылдығына арналған «Улуу-Элес» І Халықаралық балет әртістері байқауы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оған Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония және Қырғызстаннан келген балет әртістері, хореографиялық оқу орындарының студенттері мен балетмейстерлері қатысты.

Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті:

1 орын – Амина Батаева

2 орын – Ақбота Абылқасенова

3 орын – Томирис Ақын мен Алихан Нақысхожаев.

Дипломанттар:

Ирина Беккер, Анастасия Петина, Алишер Қасымхан, Арсен Ермеков.

Ерекше марапат – Роберт Уразғильдеев пен Инга Левченко атындағы жүлде, оны Бубусара Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті тағайындаған. Бұл жүлдені Ирина Беккер мен оқытушы – Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Людмила Мунсекқызы Ли иеленді.

Байқау балет өнерін дамыту мен насихаттауға, дарынды орындаушыларды анықтап, қолдауға, балет әртістерінің кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға, сондай-ақ балет саласындағы халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.