Астанада Үкіметтік емес ұйымдар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2 697

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіБүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық альянсы және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында мемлекеттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесін дамытуда ҮЕҰ-ның маңызды рөлі аталып өтті. ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен және алғыс хаттармен марапатталды.

Мемлекет үкіметтік емес секторды қолдауды жалғастырып келеді. 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 41%-ға, ал гранттық жобалар саны 33%-ға артты. Өткен жылдың өзінде 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Айта кетейік, 2008 жылдан бастап ҮЕҰ саны шамамен 2,5 есе артты. Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді.

Биыл қазан айында Қазақстанның XII Азаматтық форумы өтеді. Бұл – мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тағы бір жарқын көрінісі болмақ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.