Мемлекет қолдауына үміткер киножобалар қалай іріктелетінін түсіндірілді

1 586

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киноиндустрия өкілдеріне үндеу жасап, мемлекет қолдауына үміткер киножобаларға арналған конкурстың шарттары мен тәртібін түсіндірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Министр Facebook желісіндегі парақшасында мемлекет қолдауына үміткер киножобаларға арналған конкурстық іріктеу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілгенін жазды.

"Бұдан былай конкурс келесі тәртіппен өткізіледі:
  • Алдын ала басым тақырыптар жарияланып, сценарий жазуға екі ай уақыт беріледі;
  • Бірінші кезеңде тек сценарийлер мен сценарий жоспарлары қабылданды;
  • Сараптама кеңесі жобаларды анимациялық, көркем және деректі кино бағыттары бойынша іріктейді;
  • Екінші кезеңде толық құжаттар топтамасының сәйкестігі тексеріледі;
  • Анықталған қателерді түзетуге үш күн уақыт беріледі.
Ашық қорғау 9–12 маусым аралығында өтеді. Оның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында онлайн трансляция ұйымдастырылады", - дейді Аида Балаева.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.